Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.

Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. 





Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

icon  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алт...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

icon Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздар...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

icon Слова: Жумекена Нажимеденова, Нурсултана Назарбаева Музыка: Шамши Калдаякова Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып ег...

Соңғы жаңалықтар

ОҚУШЫЛАРҒА ТАМАША ТАРТУ

"NCOC" компаниясы демеушілігімен мектебімізде үш деңгейлі су сүзу жүйесі бар, яғни химиялық қоспалар ...

12 қаңтар 2021
ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Мектебіміз ІІІ тоқсаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 1256 оқушыға ...

12 қаңтар 2021
Менің қысқы демалысым

Қысқы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында мектебімізде «Менің қысқы демалысым» атты онкүнді ...

09 қаңтар 2021
Республикалық KAZROBOSPORT жарысының "Водный лабиринт" категориясы бойынша облыстық тур

Мектебіміздің атынан шыққан командалар 1-2 орындарға ие болды  ...

09 қаңтар 2021
Тәлімгерлердің жартыжылдық есебі

Есеп беру кезінде кейбір жас мамандардың қалалық, облыстық байқауларға қатысып, пәндік олимпиадал ...

08 қаңтар 2021