Мектеп тарихы

 

Әр мектептің өз тағдыры, өз тарихы бар, мектептің тарихы келер ұрпаққа үлгі, өнеге.

Ақтау қаласы  32 А  шағынауданындағы жалпы көлемі 1.7 га , 900 орындық жалпы білім беретін орта мектептің құрылысына тапсырыс беруші Ақтау қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі, мердігерлік мекеме «Ақтау BS Строй» ЖШС гі.  Директоры Мұңалбаев Сұңғат Аңшыбайұлы.  Проектісін жасаушы «Ақтау Сәулет Құрылыс» ЖШС гі мекемесі. Жалпы сомасы  -1 450 000 .  Құрылыс 01.06.2017 жылы басталып, 01.08.2018 жылы аяқталуы тиіс болды. Мектеп 6 блоктан тұрады. Мектеп бастауыш, әкімшілік, жоғары болып үш бөліктен тұрады. Екі спорт залы, 294 орындық Акт залы,  156 орындық асхана, кітапхана, мултимедиялық оқу залы, мектеп ауласында да халықаралық стандартқа сай салынған футбол алаңы,ойын алаңдары мен демалыс орындары қарастырылған. Заманауи жабдықталған екі физика, екі химия, биология, төрт информатика, алты мультимедиялық кабинеттер бар. 2017-2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты Цифрлық экожүйенің қарқынды дамуы арқылы Қазақстан халқының өмір сүру сапасын және экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 

Цифрлық технология арқылы білім мен денсаулық сақтауға кең және кедергісіз қолжетімділік беру арқылы өмір сүру сапасын жақсарту мүмкіндігін береді, мамандарды даярлауға және қайта даярлауға, сондай-ақ еңбек нарығында жаңа жұмыс орындары мен жұмыспен қамту түрлерінің пайда болуына жағдай тудырады: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарыту» деп елбасы айтқан тапсырманы орындау мақсатында мектепте цифрлық білім беру технологиялары енгізіліп отыр. Бұл сонымен қатар халықтың , яғни ата аналардың  цифрлық сауаттылығын арттырады. Бүгінгі қарыштап дамыған заманда «смарт» ұғымы сөздік қорға енді. Қазақша мағынасы- «ақылды». Жаһан жұрты жаппай осы озық технологияға ұмтылуда. Сан салаға «смарт» ұғымын енгізіп, қырағылық пен шапшаңдыққа бейім қоғамды қалыптастыруда. Бұл да болса, бүгінгідей ақпараттық қоғамда дамыған дәуірдің басты талабы. Оған бейімделу – бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Мемлекеттің де межесі сол.

Осы мақсатта «Ақылды мектеп» жобасы іске асырылды. Бұл дегеніміз ақпараттық қоғамда тұлғаның толық құнды өмірі мен іс-әрекетіне нақты талдау жасайтын әмбебап, әрбір пайдаланушы үшін ыңғайлы-RFID жүйесі. Мектептегі барлық оқушылар мен қызметкерлер RFID белгісі бар бейджик алады.Олар туралы барлық ақпарат компьютерлік базаға тіркеледі.  RFID жүйесі, бір сөзбен айтқанда, мектеп өміріндегі барлық ақпарат туралы мәлімет алудың басты нысаны.

«Көшбасшылар кабинеті» жобасы Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болуының басты факторы-көшбасшы тұлғалар. Олардың жүріп өткен жолдары-кез-келген статистикадан артық көрсеткіш,өмірлері-келешек ұрпақ үшін адастырмас бағдаршам. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобсының ұстанымы да ел дамуына, келешектің кемелденуіне зор үлес қосқан көшбасшыларымыздың еселі еңбек, өнегелі өмірін насихаттау. Кабинетті ашудағы басты мақсат-балалардың көзқарасын кеңейтіп, өздеріне және айналасындағыларға деген жауапкершілік деңгейлерін арттыру.Бір мақсат үшін басқалармен бірлікте болып, топпен бірге мақсатқа жетуді жолға қою. Креативті ойлауды, қиындықтарды жеңіп, тығырықтан шыға білу жолдарын үйрету.

STEM лобаротория жобасы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Цифрлы Қазақстан» жобасының тағы бір көрінісі-робототехника. Робототехника-электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы. Орта білім саласында факультатив және элективті курстарда робототехника негіздері пәні енгізілуде. Мұнда оқушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, электронды сызбаларды түсіну, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, шығармашылық идеяларын іске асыру, басқа да зерттеушілік біліктерін арттырады. Робототехникалық үйірменің басты мақсаты-балаларды ғылымға баулу. Ал ғылымға ұмтылу-болашаққа ұмтылу. 

Смарт жылыжай жобасы Осы бағытта мектеп ауласынан смарт жылыжайды  салынды. Жылыжайдың ерекшелігі «ақылды суару», ішкі температураны ретке келтіріп,топырақтың құнарлылығын анықтау секілді жұмыстарды смарт жылыжай өзі реттеп, адами фактордың жұмысы азаяды. Мұндағы мақсат оқушыларды  ғылыми жұмыстар мен ауылшаруашылығы саласындағы мамандықтарға баулу,қызығушылықтарын ояту. Бұл жоба оқушыларға тәжірибе жасауға, биология сабағындағы теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік береді. 


Соңғы жаңалықтар

"Бақытты отбасы" апталығы

Шара аясында оқушылар отбасылық суреттерден фотоколлаж жасап, өз қиялдарынан суреттер салды.   ...

17 қыркүйек 2019
"СмартLife" жазғы сауықтыру лагерінің қызықты сәттерінен...

"СмартLife" жазғы сауықтыру лагерінің қызықты сәттерінен...  ...

11 шілде 2019