ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!

3 қазан күніне жоспарланған жалпыреспубликалық экологиялық сабақтар аясында мектебімізде өскелең ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту, табиғи ресурстарға қатысты экологиялық тұрғыдан саналылыққа тәрбиелеу, суға ұқыптылықпен қарау, ауаны сақтауға тәрбиелеу мақсатында тақырыптық сынып сағаттары мен түрлі шаралар өтті. Мектебімізге қала әкімі Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы келіп, танымдық сабақтарға қатысып, оқушылармен ой бөлісті. География пәні мұғалімі Дүмбаев Мәулен Мақсотұлы "Әлем қауіпті жағдайда" тақырыбында ашық сынып сағатын жоғары деңгейде өткізіп, оқушыларға ой салды. Содан соң мектеп ауласына ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды, қала әкімі 11-сынып оқушыларымен бірге мектеп ауласына ағаш отырғызды. 4 "Ә" сынып оқушылары ұстаздары Тулеушова Айнагүл Серікқызымен бірге 10 түп тал отырғызып, мектебіміздің табиғатпен үндес мектеп болуына өз үлестерін қосты. Айта кететін жайт - Айнагүл Серікқызы мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарымен өз оқушыларымен бірге өткен оқу жылынан бері айналысып келеді. Шара барысында өткізілген танымдық-дамытушылық сабақтардың жалпы саны - 38, отырғызылған ағаштар саны -30. 

  • https://www.youtube.com/watch?v=3Jz86G4XyyU
  • https://www.youtube.com/watch?v=3Jz86G4XyyU