ХАБАРЛАНДЫРУ

"Ф.Оңғарсынова атындағы 29 жалпы білім беретін мектеп" КММ-не жаңа 2021-2022 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталатынын хабарлаймыз.

Мектеп сыйымдылығына байланысты 32 А , 32 Б, 32 В шағын аудандарының балалары қабылданады.

Осыған сәйкес 1-сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады. Бірақ мектепке қабылдау орыны шектеулі. Сондықтан құжаттарыңызды қабылдау басталғаннан бастап, тез арада тапсыруларыңызға кеңес береміз.

Сондай-ақ, ата-аналар онлайн түрде egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы баланы тіркей алатынын ескертеміз.

Ол үшін төмендегідей құжаттарды жинап, порталда («Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімін таңдап) өтініш береді.

Ата-ананың «жеке кабинетіне» баланың қабылданғаны не болмаса себебі көрсетілген қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама келеді.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Көрсетілген қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2. Денсаулық жағдайы туралы анықтамаларының 063/у, «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысанындағы құжаттар;

3. Баланың 3х4 см көлеміндегі сандық 2 фотосуреті;

4. Баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі).

Ескерту:

Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған немесе қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда және ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы 564 бұйрығымен бекітілген оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі мен сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы жағдайында мемлекеттік қызмет көрсетілуден бас тартылады