Тәлімгерлердің жартыжылдық есебі

2020-2021 оқу жылының басында мектебімізде "Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24-сәуірдегі №160 бұйрығына сәйкес жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалған болатын. Ағымдағы жылдың 8-қаңтар күні мектебімізде тәлімгерлердің жартыжылдық есеп беру жиналысы өтті.

Есеп беру кезінде кейбір жас мамандардың қалалық, облыстық байқауларға қатысып, пәндік олимпиадалардан оқушылары жетістікке жеткендері қуантты. Тәлімгерлердің есебінен жас мамандармен қашықтан оқыту кезіндегі қиындықтарға қарамастан өзара тығыз байланыста болғандығы байқалды. Тәлімгерлерден алған тәлімі мен әдістемелік көмегін саралау мақсатында жас мамандарға жүргізілген сауалнама нәтижесі жиналыста талқыланып, жұмысты жетілдіру мақсатында тәлімгерлерге жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу ұсынылды. Жиналыс жас мамандарымыздың "Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы пікір білдіруі мен іс жүзінде педагогикалық біліктілігін жетілдіру мақсатындағы ұсыныстарын тыңдаумен аяқталды. Тәлімгерлеріміз оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес отырысында жылдық есеп берген кезде осы пікірлер мен ұсыныстарды негізге ала отырып, үздік нәтиже көрсететініне сенімдіміз. 

Жарияланған күні: 08-01-2021  : 11:19  



23-06-2021  : 12:27  

Жазғы лагерь балаларды күтеді

iconҚұрметті ата-аналар, мектебімізде “Смарт life” атты жазғы сауықтыру лагері ашылатындығын қаперіңізге береміз. Лагерьге 7-12 жас аралығындағы жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан және үздік оқушы балалар қабылданады. 

15-06-2021  : 12:33  

ХАБАРЛАНДЫРУ

iconЖазғы лагерьге тәрбиешілер керек. 

06-06-2021  : 20:17  

БАЯНАУЫЛДА БАТЫР АТАНҒАН БІЗДІҢ ТЕМІРЛАН

iconГрек-рим күресінен Исатай Темірлан І ОРЫНды иеленді. 

05-06-2021  : 20:16  

Абдижамиев Рамазан кикбоксингтен ІІІ ОРЫНҒА ие болды.

iconМаусым айының 1-5 күндері Шымкент қаласында кикбоксингтен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. 

01-06-2021  : 20:19  

БАЛАЛАР — БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!

iconБалалар эстафеталық сайыстарға қатысып, ұлттық ойындар ойнап көңіл көтерді. 

31-05-2021  : 20:12  

1 сынып оқушысы — Әділхан Амина 2-орынды жеңіп алды

iconВокал үйірмесінің жетекшісі — Туржанова Назира. 

28-05-2021  : 20:09  

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК

icon9-сынып оқушысы - Сарғұлова Ақбота  ІІ ОРЫН иеленді 

25-05-2021  : 19:07  

Сәт сапар, жас түлек!

iconҚазақтың  Фаризадай өр мінезді  ақын қызының атын иеленген мектеп бүгін 2-түлектерін ұшырды. 

14-05-2021  : 12:04  

Келдіхан Шарапат пластикалық бөтелкені қоқысқа лақтырмай, одан қажетті бұйым жасап шығаруға болатынын көрсетті.

Халықаралық Жер күніне арналған челлендж. 

10-05-2021  : 11:55  

1-сынып оқушыларын мектепке қабылдау жүріп жатыр

iconҚызмет көрсету аумағындағы балалардың құжаттарын тезірек жинап, тапсыруларыңызды тағы бір мәрте қаперлеріңізге береміз!  

Соңғы жаңалықтар

Жазғы лагерь балаларды күтеді

Құрметті ата-аналар, мектебімізде “Смарт life” атты жазғы сауықтыру лагері ашылатындығын қаперіңі ...

23 маусым 2021
ХАБАРЛАНДЫРУ

Жазғы лагерьге тәрбиешілер керек.  ...

15 маусым 2021
БАЯНАУЫЛДА БАТЫР АТАНҒАН БІЗДІҢ ТЕМІРЛАН

Грек-рим күресінен Исатай Темірлан І ОРЫНды иеленді.  ...

06 маусым 2021
Абдижамиев Рамазан кикбоксингтен ІІІ ОРЫНҒА ие болды.

Маусым айының 1-5 күндері Шымкент қаласында кикбоксингтен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Р ...

05 маусым 2021
БАЛАЛАР — БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!

Балалар эстафеталық сайыстарға қатысып, ұлттық ойындар ойнап көңіл көтерді.  ...

01 маусым 2021
1
234567891011121314 ... 26